Ибрагимовтың бұрынғы адвокатынан тосын жауап алынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрлан Өстеміров. ©Дмитрий Хегай Нұрлан Өстеміров. ©Дмитрий Хегай

Ержан Өтембаевтың ісін қайта қарау сотында Алтынбек Сәрсенбаевты өлтірген Рустам Ибрагимовтың бұрынғы адвокаты Нұрлан Өстеміровтен куәгер ретінде жауап алынды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Өстеміров Ибрагимовтың мүддесін 2006 жылы өткен процесте қорғаған. Сотта ол адвокат Серік Сәрсеновпен (шекарашы Владислав Челахтың қорғаушысы) бірге қызмет етті. Адвокат Ибрагимовты оның әкесі арқылы бала кезінен білетінін айтты. Куәгердің айтуынша, сол жылы адвокаттар тапсырыс берушінің Өтембаев емес екенін білген, бірақ Ибрагимов мұны растаудан бас тартқан. Ол кезде сот Талдықорғанда өтті. Өстеміровтың айтуынша, бір күні оған бір жас жігіт қоңырау шалып, құқықтық кеңес керек екенін айтқан. Кездесу кезінде белгісіз жігіт бұнымен Рахат Әлиевтің кездескісі келетінін жеткізеді. Өстеміров келісіп, Медеу жаққа барады, ол жерде бұны Әлиев тосып алады. Оның жанында жас жігіттер болған, бірінің қолында Стечкин тапаншасының қабы болды. Куәгердің айтуынша, Әлиев Өстеміровке мөрленген хатты беріп, Ибрагимовке жеткізуді тапсырады. Әлиев Ибрагимовтың хатты сотта оқып беруін сұраған. Өстеміров те, Ибрагимов та бұл тапсырманы бұлжытпай орындайды. Бұрынғы адвокаттың айтуынша, сол кезде процесс аяқталғаннан кейін ол адвокаттармен Талдықорғаннан Алматыға қайтуға жиналған. Оларды Ибрагимовтың әкесі жеткізіп салуы тиіс болды, бірақ ол келмей қалып, адвокаттар басқа көлікпен қайтады. Алматыға келгеннен кейін Өстеміров Ибрагимовтың әкесі жол-көлік оқиғасына ұшырағанын естиді. Қапшағайдан шыға бергенде Ибрагимовтың әкесінің көлігіне нөмірі көрінбейтін ақ "Нива" ұрынады. Ибрагимовтың әкесінің көлігі аударылады, Өстеміровтің айтуынша, бұл - оған немесе Сәрсеновке жасалған қастандық. Қастық жасаушы адвокаттардың өзге көлікке мініп кеткенін білмеген. Жәбірленуші тарап Өстеміровтен Әлиевпен кездесуге барған себебін сұрады. Ол: "Бұл 2006 жыл еді. Ол кезде Әлиевтен бәрі қорықты, соның ішінде, сіздер де" деп жауап берді. Еске салайық, Парламент Сенаты аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев Сәрсенбаевты өлтіруге тапсырыс бергені үшін 20 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бірақ осы іске байланысты жаңа мәліметтер пайда болғалы бері оның ісі қайта қаралып жатыр.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro