ІІД ҚХР азаматтарының қазақстандық полицейлермен жанжалдасқан видеосына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІД ҚХР азаматтарының қазақстандық полицейлермен жанжалдасқан видеосына қатысты пікір білдірді видеодан үзінді

Желіде ҚХР азаматтары мен Қазақстан полицейлерінің жанжалдасқан сәтінің видеосы тарап жатыр. Осы оқиғаға байланысты Алматы облыстық ІІД өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде ҚХР азаматтары мен Қазақстан полицейлерінің жанжалдасқан сәтінің видеосы тарап жатыр. Осы оқиғаға байланысты Алматы облыстық ІІД өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеода құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қытай тілінде сөйлеп жатқан азаматты ұстап жатқаны түсірілген. Ол қарсылық білдіріп, арты төбелеске ұласады. Осы теке-тірес барысында ер адам қашып кетеді.  

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер оқиғаның Панфилов ауданы Хоргос ауылында 2017 жылы 31 қазанда болғанын айтады. 

"Видеодағы ер адам - ҚХР азаматы, ол ұсталды және полицейлер оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 667-бабы ("Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау") бойынша хаттама толтырды. Іс материалдары аудандық сотқа жіберілді", - деді өңірлік ІІД өңілдері. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети