ИИДМ бұрынғы вице-министрдің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ИИДМ бұрынғы вице-министрдің ұсталуына қатысты пікір білдірді Фото: dep-admin.miid.gov.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұрынғы вице-министр Тимур Тоқтабаевтың ұсталуы туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұрынғы вице-министр Тимур Тоқтабаевтың ұсталуы туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевтың ұсталуына байланысты ҚР ИИДМ хабарлайды.

Т. Тоқтабаев 2016-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде министрдің орынбасары лауазымында жұмыс істеген. Кейін 2019 жылғы 5 наурыздан 17 желтоқсанға дейін экс-шенеунік ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде вице-министр қызметін атқарған. 2019 жылдың 17 желтоқсанында, яғни 3 жыл бұрын Т. Тоқтабаев вице-министр қызметінен өз еркімен кеткен", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты соталды тергеп-тексеру бастағанын хабарлаған болатын. Биыл 7 қарашада лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды деген күдік бойынша бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев ұсталған.

Ведомство мәліметінше, министрліктің лауазымды адамдары жекелеген кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесіне сай әрекет етіп, барлау сылтауымен аукцион өткізбестен пайдалы қатты қазбалар қоры белгіленген кен орындарын заңсыз берген. Бұрын жүргізілген барлау дерегі құжаттарды бұрмалау арқылы әдейі жасырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети