ИИДМ жеңілдетілген автонесие қашан іске қосылатынын айта алмады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ИИДМ жеңілдетілген автонесие қашан іске қосылатынын айта алмады Иллюстрация: elements.envato.com

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының басталу мерзімі туралы сұраққа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті басшысының орынбасары Олжас Сапарбеков жауап бере алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының басталу мерзімі туралы сұраққа Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті басшысының орынбасары Олжас Сапарбеков жауап бере алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бағдарлама қашан іске қосылады, банктер өтінімдерді қашан қабылдап бастайды? Менің білуімше, банктер әлі қаражат алған жоқ", - деді журналист ОКҚ брифингінде.

"Біз өз тарапымыздан қаулыны пысықтадық, Үкімет бекітті. Қазіргі уақытта осы бағдарламаны іске асыру үшін "Жасыл даму" АҚ-дан қаражат беру рәсімі жүргізіліп жатыр. Бұл мәселе жақын арада шешіледі деп үміттенемін", - деді Сапарбеков.

Оның айтуынша, Үкімет қаулыны 15 сәуірде қабылдаған. Ол бағдарлама 100 миллиард теңге көлемінде жаңа автонесие бағдарламасын қаржыландыруды қарастырады.

Қазақстан автобизнес қауымдастығының вице-президенті Анар Мақашева қойылған сұраққа бағдарламада көптеген мәселелер бар деп жауап берді.

"Егер азамат осы бағдарлама бойынша автокөлік сатып алған болса, ол сол бағдарлама бойынша екінші көлікті тек 2 жылдан кейін сатып ала алады. Бағдарлама әзірленіп, нақты ережелер пысықталып жатыр, соңғы қорытынды кейінірек айтылады. Себебі нақты қандай банктер қаржыландырылады деген секілді мәселелер бар. Мұның бәрі анықталғаннан кейін, тағы бір брифинг өткізіп, тұтынушыларымызға қадамдық нұсқаулар беруге болады. Өндірушілердің өздері де сұранысты қамтамасыз ету үшін қазір осы бағдарламаға дайындалып жатыр", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети