11 ақпан 2022 19:05

ИИДМ өкілі Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының анық-қанығын түсіндірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы туралы түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы туралы түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жанжігіт Омархан Facebook-тегі парақшасында бағдарламаның анық-қанығын түсіндіретін жазба жариялады. Ол жеңілдікпен автонесиелеудің жаңа бағдарламаларын әзірлеу барысы туралы айтылған ақпараттың БАҚ-та сәл бұрмаланып берілуі осы жазбаны жазуға итермелегенін айтты.

"ҚР ИИДМ автокөлік құрастыру басқармасының басшысы Руслан Хисамутдинов "Хабар" телеарнасына сұхбат беріп, жеңілдікпен автонесиелеудің жаңа бағдарламалары туралы әңгімелеп берді. Осы сұхбат негізінде kolesa.kz порталы "Жеңілдікпен автонесиелеудің жаңа бағдарламасы. Алғашқы мәліметтер" деген тақырыппен материал жариялап, кейін ол өзге де ақпарат құралдарына тарады. Бұл орайда бастапқы ақпарат сәл бұрмаланған", - деп жазды Ж.Омархан.

Соның ішінде Р.Хисамутдинов айтқан "ұсынылады", "әзірленеді" және "пысықталады" сөздерінің орнына авторлар "болады", "ерекшеленеді" сияқты сөздерді қолданған. Осылайша, оқырмандар мен көрермендер жеңілдікпен автонесиелеудің жаңа бағдарламасы жасалып, жақын арада іске қосылады деп қате ойлап қалуы мүмкін.

"Яғни, әлі зерттеліп, пысықталып жатқан бастамалар қазірдің өзінде қабылданған шешім ретінде жеткізілген. Сондықтан қазір уәкілетті мемлекеттік органдар жеңілдікпен автонесиелеудің жаңа бағдарламаларының 2 нұсқасын қарастырып жатқанын айтқым келеді. Бірінші нұсқада жеңілдікті несиелеуге 4 жылға (бірінші жылға - 30 миллиард) бөлінген 150 миллиард теңгені (БАҚ-та айтылғандай 250 миллиард емес) бағыттау қарастырылып жатыр. Несие шарттарын 2015 жылғы ескі бағдарламамен бірдей етіп қалдыру ұсынылады", - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің баспасөз хатшысы.

Екінші ұсынылып отырған нұсқа халықтың әлеуметтік осал топтарына бастапқы жарнасыз несие беруді қарастырады. Бұған дейін ҚР премьер-министрі оған "ӨКМ Операторы" компаниясында жиналған қаражаттан шамамен 100 миллиард теңге бөлу ұсынылғанын айтқан еді.

Сондай-ақ, бір адамға берілетін несие шегін 7 миллион теңге деп белгілеу бастамасы талқыланып жатыр. Бұл ұсыныс экономикалық тиімділігі мен мақсатына байланысты айқындалады.

"Қалай болғанда да, екі нұсқа да қазір нақты межесіне жеткен жоқ. Олар ҚР ИИДМ ұсынған түрде қабылданбауы да мүмкін. Сондықтан нақты шешімдер туралы айтуға әлі ерте. 2022 жылы барлық құжаттық және заңдық процесі аяқталғанда жеңілдікпен автонесиелеудің жаңа бағдарламасы іске қосылады", - деп түйіндеді Жанжігіт Омархан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети