ІІМ басшысы Қазақстан жолдарында не өзгерту керектігін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ басшысы Қазақстан жолдарында не өзгерту керектігін айтты © Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовтың ойынша, қазақстандық жолдарға жолақтардың орнына көбірек қоршаулар орнатып, көбірек жаяу жүргіншілер жолдарын жасау керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовтың ойынша, қазақстандық жолдарға жолақтардың орнына көбірек қоршаулар орнатып, көбірек жаяу жүргіншілер жолдарын жасау керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Тек полицейлер мен әкімшілік шаралармен жолдағы тәртіпті орната алмаймыз. Бұл жерде жол инфрақұрылымын дамыту мәселесін шешу керек секілді, яғни жолайрық салу, жаяу жүргіншілер жолдары, жол ортасына қоршаулар орнату", - дейді министр. 

Оның айтуынша, жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болатын адамдардың 20 пайызы жолдың қарсы бетіне өтіп кетуінен екен. Бетпе-бет соқтығысқан автокөліктегі адамдар ауыр жарақаттар алады. 

Министр бүкіл әлемде осындай жағдайлардың алдын алу үшін қоршау конструкцияларын орнататынын айтады. 

"Қайтыс болғандардың 25 пайызы - жаяу жүргіншілерді қағып кету салдарынан, себебі жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың аздығынан адамдар жолды кесіп өтуге мәжбүр. Осы екі бағытта біз жұмыс істеуіміз қажет", - деді Қасымов. 

Ведомство басшысы 2010 жылы ашылған Астана - Бурабай және 2017 жылы ашылған Астана - Қарағанды автобандарын мысал етті. 

"Шындап келгенде, жол апаты 70 пайызға қысқарды, соның нәтижесінде жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза табатын адамдар саны да азайды", - деді ол. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети