ІІМ өкілдері айыппұлдардың бір жылдан кейін орындауға жатпайтынын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ өкілдері айыппұлдардың бір жылдан кейін орындауға жатпайтынын айтып берді

Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері айыппұлдардың бір жылдан кейін өшірілетін нормасы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің өкілдері айыппұлдардың бір жылдан кейін өшірілетін нормасы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство министрінің блогына қолданушы Олег Арестов былай деп сұрақ қойды: Түсіндіріп беріңіздерші, жол қозғалысы ережесін бұзуға салынған айыппұл бір жылдан кейін сот арқылы орындалмаған болса, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 890-бабының негізінде оларды орындауға жата ма?".

Министрліктегілер бұл мәліметті растады. "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 886-бабының "Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға келтіру" 1-бөлігіне сәйкес, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодексте белгiленген тәртiппен осыған уәкілеттік берілген органдар орындауға келтіреді. Әкімшілік өндірістердің кейбір түрін орындау тәртібі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 52-тарауда қарастырылған (892-918-баптар). Айыппұлды бір жыл ішінде орындау процедурасы өткізілмесе, ол орындауға жатпайды", - деп хабарлады ҚР ІІМ өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети