ІІМ өкілдері Қазақстан қалаларындағы митингілерге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ өкілдері Қазақстан қалаларындағы митингілерге қатысты пікір білдірді © Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігінің өкілдері Қазақстан қалаларындағы митингілерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігінің өкілдері Қазақстан қалаларындағы митингілерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"1 мамырда Нұр-Сұлтан, Алматы, Семей, Қарағанды және Ақтөбе қалаларында Бас прокуратураның ресми хабарламасына қарамастан, санкцияланбаған митингілер мен тұрғындар жиналды. Акцияға қатысушыларға өздерінің ұстанымдары мен әлеуметтік және басқа да проблемалық мәселелер бойынша пікірлерін еркін және ашық білдіруге мүмкіндік берілді", - делінген ІІМ хабарламасында.

"Алайда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жиналғандардың ішінен бірқатар адам өздерін агрессиялық түрде ұстап, тыйым салынған "ДВК" экстремистік ұйымының ұрандарын айқайлап айтып, қоғамдық тәртіпті бұзды. Осыған байланысты әкімдіктер мен прокуратура өкілдері бейбіт митингілер, жиналыстар мен шерулер өткізу тәртібі туралы заңнаманың ережелерін түсіндірді. Жекелеген азаматтар заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы талаптарға бағынбады. Содан кейін полиция күшімен қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруге және тәртіп бұзушыларды ұстау шаралары қабылданды".

ІІМ мәліметінше, елордада және Алматыда полиция бөлімдеріне 80 адам жеткізілді.

"Олардың әрекеттеріне заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға беріледі. Ішкі істер министрлігі азаматтарға арандатушылыққа берілмеуге және Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтауға шақырады", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети