Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «iKomek» қоғамдық қабылдау жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «iKomek» қоғамдық қабылдау жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына "109 Call-орталығы" бірыңғай байланыс орталығының жұмысы және "Ашық әкімдік" жобасының жүзеге асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді.
Сонымен қатар, Қазақстан Президенті мониторинг және шұғыл әрекет ету ахуалдық орталығының жұмысымен танысты.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше iKomek орталығының тәжірибесін республиканың барлық өңірлеріне кеңінен тарату қажет.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму саласына қосқан үлесі үшін "Милх" ЖШС-нің директоры Сергей Блокты, Рудный қаласы ауруханасының бас дәрігері Талғат Қайкеновты, "Алюминстрой" ЖШС-нің директоры Абай Мұқановты, "ГРИН" Қостанай облысы азаматтық альянсы" қоғамдық қорының төрайымы Динара Өтебаеваны және білім беру саласының ардагері Станислав Щегельскаяны алғыс хаттармен марапаттады.