23 ақпан 2018 | 12:37

"Иілген басты қылыш кеспейді". Бишімбаевтан кінәні мойындау сұралды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша адвокаттар, қорғаушылар және сотталушылардың өзі сөзжарысқа қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот отырысы аяқталуға жақын. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша адвокаттар, қорғаушылар және сотталушылардың өзі сөзжарысқа қатысып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот отырысы аяқталуға жақын. 

Бүгін сотталушы Orda Glass Ltd ЖШС басқарма басшысы болған Дәурен Ибрашевтің қорғаушылары сотта сөз сөйледі. Бұл компания Қызылордадағы шыны зауытының құрылыс жобасымен айналысқан және қылмыстық істің эпизодтарының бірі бойынша күдікке ілініп отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, бұл зауыттың құрылысы кезінде миллиард теңгеден аса қаражат жымқырылған. Сотталушы Ибрашевқа ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша айып тағылып отыр.

"Сөзжарысқа түсуге дайындық барысында біз біреу-міреуді әшкерелеуге және біреуді соттауды сұрауға немесе тіпті мемлекеттік айыптаушы сұрап отырған жазадан да ауырын таңдауды өтінуге дайындалмадық. Біз тек Ибрашевтің қаражат жымқыруға делдал ретінде қатысы жоқ екенін дәлелдегіміз келеді. Алайда Бишімбаевтың арсыз әрі негізсіз мәлімдемелері істің шын мәнінде қалай болғаны жайлы анық әрі ойға қонымды жауап беруімізге мәжбүр етеді", - деді сотталушы Дәурен Ибрашевтің әкесі Махамбет Ибрашев судьяға.

"Процесс бойынша жалғыз ғана сұрақ қоюмен келемін: мұндай шектен шыққан заңбұзушылықтардың себебі не? (...) Бишімбаев, егер сіз шын мәнінде мықты жігіт болсаңыз, ерлік танытып, әбден қиындық көргендерге ең болмағанда соңында көмектесіңіз. Кінәңізді мойындап, ақиқатқа негізделген куәлігіңізбен олардың тағдырын жеңілдетіп беріңіз. Мына бір даналықты айтқым келеді: "Иілген басты қылыш кеспейді". Әлі жассыз, о дүниеде де, мына өмірде де жолыңыз ашылады. Мұндай саясатты жүргізу арқылы сіз, Бишімбаев, өзіңіз бәрін бастап алдыңыз да ал қазір төрелік ететіндей, соңғы шешімді өзіңіз жасайтындай жүрсіз. Ояныңыз, сіз министр емессіз, холдинг басшысы емессіз. Сіз де қалған сотталушылармен бірдейсіз", - деді сотталушы Дәурен Ибрашевтің қорғаушысы. 

Сотталушы Дәурен Ибрашев мұның алдында тағылған айыптаулармен келісіп, кінәсін мойындаған. Ол прокурорлармен процестік келісімге келген. Прокурорлар сөзжарыс барысында Ибрашевті ҚР Қылмыстық кодексінің 55-бабының 4-бөлігі бойынша айыпты деп танып, мүлкін тәркілей отырып, бес жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды сұраған. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 530.22  course up  545.66  course up  5.17  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer