21 маусым 2016 | 16:03

Ильин допинг дауының анық-қанығын білу үшін Францияға барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kazsport.kaztrk.kz © kazsport.kaztrk.kz

Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы мен төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин допинг дауында өзінің жазықсыз екенін дәлелдемекші. Бұл туралы "Хабар" телеарнасына оның бапкері Ержас Болтай мәлімдеді.


Иконка комментария блок соц сети

Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы мен төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин допинг дауында өзінің жазықсыз екенін дәлелдемекші. Бұл туралы "Хабар" телеарнасына оның бапкері Ержас Болтай мәлімдеді.

Ертең ауыратлет бұл істің анық-қанығын білу үшін Францияға ұшуды жоспарлап отыр. Бапкердің айтуынша, сараптаманың нәтижелері күдік туғызған.

Еске салайық, осыған дейін Ильиннің Лондонда 2012 жылы өткен Олимпиадада алынған сынамасында қанында тыйым салынған заттардың бар болып шыққаны белгілі болған еді. Сонымен қатар, тағы үш қазақстандық ауыратлеттің қанынан допинг табылған болатын. Кейін Ильиннің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасындағы допинг-сынамасы тыйым салынған заттың барын көрсетті.

Сонымен қатар, ауыратлеттің бапкері Ильинді қолдап отырған қазақстандықтарға алғыс айтып, Ильяның соңына дейін баратынын және өзінің жазықсыз екенін дәлелдейтінін айтты.

"Бұл сараптаманың қорытындысын анықтау әдісі көп күмән туғызып отыр. Илья сараптаудың ережелері туралы көп айтатын. Олардың тек 1-5 пайызын ғана тексереді. Еш жағдайда тек бізді тексереді деп айтқым келмейді және қандай да бір саясат деп те айтқым келмейді. Бүгінде Илья екі дүркін Олимпиада чемпионы болып қала бермек. Бізге барлығы қолдау көрсетіп жатыр", - деді Болтай.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети