Илья Ильин: Бұл жаңалықтан есеңгіреп қалдым

23 Қараша 2016, 18:55
0
Илья Ильин: Бұл жаңалықтан есеңгіреп қалдым - © instagram.com/ilyailyin_official
© instagram.com/ilyailyin_official

Қазақстандық ауыратет Илья Ильин Олимпиада медальдарынан айырылғаны жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кездесіп, әңгімелесу керек, жиналу керек, бәріне ел болып, қандай да бір шешім жасау керек, оның үстіне халық уайымдап жатыр. Халқыма ризамын. Мен помостқа шыққанда ешқашан жеңілмегенмін. Осының арқасында босаңсымаймын. Менімен бірге екенін айтқан халықтың қолдауынан да күш аламын. Жеңістерімді тамашағаландардың барлығы медальдардың үлкен еңбекпен келгенін біледі. Қолдау білдіріп жатқан адамдарға алғыс айтқым келеді. Мен тірімін, өмірім алда. Меніңше, Олимпиадада емес, жеке бас жеңістерім болады деп сенемін", - деді Ильин.

"Қазір мен есеңгіреп қалдым, әрине. Бүгін ағылшын тіліне жаттығуыма барғалы жатқанымда БАҚ-тардан осы жаңалықты білдім. Бұл туралы мен ел сияқты БАҚ-тан біліп отырмын. Таңғалдым, кейін жаттығуға бардым, әлі де штанга көтеріп жүрмін", - деді спортшы.

Ильин жеке ісін ашу туралы ойын да бөлісті. "Анамның сұлулық салоны бар, мұнда да іс бастағым келеді. Кішігірім дүниеден бастағым келеді. Бірақ бұл әзірше ойларым ғана, отбасы бизнесі", - деді ауыратлет.

"Апелляция туралы әлі ойланамын. Мен бәрі де аяқталды деп ойлағанмын, бірақ сіздер маған үміт сыйладыңыздар. (...) Енді адвокат жалдауым керек шығар. Зілтемір көтергім келеді, бұл ісімді ұнатататын адамдар бар. Мен Қазақстан Республикасына қызмет еттім. Ал жағдай осындай болып отыр. Өмір бойы еңбектенесің, сөйтесің де соңында өзің кінәлі болып шығасың", - деді спортшы. 

Сондай-ақ, ол министрліктен қызметтен кететіні туралы мәлімдеме жасады.

Еске салайық, бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитеті Халықаралық Олимпиадалық комитеті тарапынан 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшы Илья Ильинге қатысты ағзасынан тыйым салынған препараттардың ізі табылғандықтан, жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алған болатын.

Ал кейін Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы жүлделерінен айырылған Илья Ильинге байланысты жағдай туралы мәлімдеме жасаған еді. 

Мұның алдында ХОК Светлана Подобедова, Зүлфия Чиншанло мен Майя Манезаны допинг сынымылары расталғаннан кейін 2012 жылғы Олипиаданың алтынынан айырған, ал еркін күрес палуаны Таймураз Тигиевті 2008 Олипиаданың күміс жүлдесінен айырып, Алмас Өтешіовтың нәтижесін жойған болатын. Кейін тағы бес спортшы Мария Грабовецкая (75 келіден жоғары категорияда қола медаль алған), Әсет Мәмбетов (96 келіге дейінгі салмақта қола медаль алған), Майя Манеза (турнир басталмай тұрып, жарыстардан шығып қалған), Ирина Некрасова ("63 келіге дейінгі салмақта күміс медаль еншілеген) және Владимир Седовтардың (85 келіге дейінгі категорияда төртінші орын алған) жетістігін жою мен жарыстан шеттетілетіні туралы хабарланған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай