25 қараша 2014 12:14

Илья Ильин Спорт академиясында диссертация кеңесін жандандыруды сұрайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Илья Ильин. ©REUTERS Илья Ильин. ©REUTERS

Ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін және Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин Алматыдағы Қазақ спорт және туризм академиясы жанындағы диссертациялық кеңесті жандандыру туралы өтінішін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке жеткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін және Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин Алматыдағы Қазақ спорт және туризм академиясы жанындағы диссертациялық кеңесті жандандыру туралы өтінішін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке жеткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Ильин - Қазақ спорт және туризм академиясының докторанты, ол өз жұмысын 2014-2015 жылдары қорғауға ұсынуды жоспарлап отыр. "Қазір Абай атындағы ҚазҰПУ-да диссертациялық кеңес "Білім беру" мамандығы бойынша жұмыс істеп тұр, яғни гуманитарлық ғылым саласында, бірақ түсініксіз себептермен бұл салаға еш қатысы жоқ "Дене шынықтыру мен спорт" мамандығы да кірген", - деп жазады Илья Ильин ашықхатта. - Және осы диссертациялық кеңеске қазақстандық спорттың болашағы сеніп тапсырылып отыр! Ол аздай, дискеңестің құрамындағылардың көпшілігі диссертациялық жұмысқа тиісті баға беріп, маңызын түсіне білмейтін, спорттың теориясы мен практикасынан бейхабар жалпы педагогика саласының ғалымдары". Оның айтуынша, бұрын академияда диссертациялық кеңес 10 жыл жұмыс істеп, 16 докторлық және 86 кандидаттық диссертация қорғалған.

Спортшының ойынша, диссертациялық кеңес Қазақ спорт және туризм академиясында болуы керек, себебі академияда елдің спорт ғылымының әлеуеті шоғырланған. "ҚазСТА диссертациялық кеңесін жаңғырту Рио-де-Жанейро мен Алматыда өтетін Бүкіләлемдік қысқы универсиадаға жаттығу кезінде жаңа технологияны игеріп, тәсілдерді меңгеру үшін аса маңызды", - деп атап өтті Илья Ильин. 

Еске сала кетейік, ауыратлет Илья Ильин Алматыда өткен әлем чемпионатында кезекті алтынға ие болды. Осылайша ол әлемнің төрт дүркін чемпионы атанды. Бұған дейін 2005, 2006 және 2011 жылдары әлемдік жарыстарда жеңіске жеткен. Сонымен қатар Илья Ильин - Олимпиаданың екі дүркін чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық (2008, 2012). 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети