Илья Ильин әлемнің төрт дүркін чемпионы болды

15 Қараша 2014, 21:14
0
Илья Ильин әлемнің төрт дүркін чемпионы болды - ©Vesti.kz
©Vesti.kz
Илья Ильин әлемнің төрт дүркін чемпионы болды - ©Vesti.kz
©Vesti.kz
Илья Ильин әлемнің төрт дүркін чемпионы болды - ©Vesti.kz
©Vesti.kz

Қазақстандық Илья Ильин ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматыдағы әлем чемпионатында Илья Ильин жаңа салмақ категориясында шықты (оған дейін 94 келіге дейінгі категорияда болған еді). Бірінші жаттығу нәтижесінде қазақстандық үшінші орыннан көрінді, ол үш мүмкіндігін де сәтті пайдаланып, жалпы есепте 190 келі жинады. 

Серпе көтеру бойынша Илья бірінші мүмкіндігінде 233 келі салмақты еңсеріп, екінші мүмкіндігінде 239 келіні көтере алмай қалды. Ал шешуші мүмкіндікте Илья Ильин 242 келі салмақты көтеріп, әлем рекордын жаңартты. 

Осылайша, Илья Ильин әлемнің төрт дүркін чемпионы атанды. Ол бұған дейін 2005, 2006, 2011 жылдары әлем біріншіліктерінде жеңімпаз болған еді. Сонымен бірге, ол олимпиада ойындарының екі мәрте чемпионы болған (2008, 2012).


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай