23 наурыз 2021 15:29

Иманбектің әкесі медальмен марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Грэмми" премиясының лауреаты Иманбек Зейкеновтің әкесі, азаматтық қорғау ардагері Марат Сүлейменов I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалімен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Грэмми" премиясының лауреаты Иманбек Зейкеновтің әкесі, азаматтық қорғау ардагері Марат Сүлейменов I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалімен марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодар облысы ТЖД мәліметінше, ардагерге ТЖМ атынан марапатты Ақсу төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ақылбек Баяхметов табыстады.

"Ақсу гарнизонының басшылығы ардагерлер кеңесі мен ТЖ департаментінің жеке құрамы атынан Марат Зейкенұлы Сүлейменовке 20 жыл мінсіз қызметі үшін медаль табыстады. Сондай-ақ, ардагерді ұлы Иманбек Зейкеновтің жеңісі мен Наурыз мерекесімен құттықтады",-деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Аға прапорщик Марат Сүлейменов 1996 жылдың шілде айынан бастап мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында қызмет етті. Павлодар облысы ТЖД №11 өртсөндіру бөлімінің жүргізушісі болып жұмыс істеді, 2007 жылдан 2016 жылға дейін осы бөлімнің аға жүргізушісі болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің екінші және үшінші дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" ведомстволық медальдармен марапатталған.

ТЖД баспасөз қызметі Марат Сүлейменовтің 2016 жылдан бері еңбек демалысында екенін атап өтті. Ол еңбек сіңірген жылдары үшін марапатты зейнетке шыққаннан кейін бірден алуы керек еді. Алайда, ТЖМ қайта құрылуына байланысты оны уақытында бере алмады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети