Астанада бүгін, 4 қарашада ҚР қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Әзірбайжан қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Зәкір Ғасановпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында олар 2016 жылға арналған екі ел арасындағы ынтымақтастық жоспарын бекітті.
Астанада бүгін, 4 қарашада ҚР қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Әзірбайжан қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Зәкір Ғасановпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында олар 2016 жылға арналған екі ел арасындағы ынтымақтастық жоспарын бекітті.
"Қазіргі кезде Қазақстан мен Әзірбайжан флоттары арасында іс жүзіндегі байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлу маңызды болып отыр. Бұл бағыт татулық пен Каспийдегі қауіпсіздік жағдайларын жалғастыру мен нығайту барысында маңызды, сонымен қатар каспий маңындағы көшбасшы елдер арасындағы жоғарғы деңгейдегі сенімге лайықты", - деді ҚР қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.
Әзірбайжан қорғаныс ведомствасының басшысы, генерал-полковник Зәкір Ғасанов Каспий теңізі су айлағындағы өзара іс-қимыл оңай шаруа еместігін атап өтті. "Біз бірлескен оқу-жаттығуларды өткізуге дайынбыз, өйткені Қазақстанмен бірлескен жаттығулар мен жарыстардан айтарлықтай тәжірибеміз бар. Бірлескен жаттығулар Қарулы Күштеріміздің достығын нығайтып, екі жақтың тәжірибе алмасуына септігін тигізеді деп ойлаймын", - деді ол.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, заманауи әскери талаптың тәжірибесі әскерлерді барлық деңгейде басқару үдерісінде қару-жарақ пен әскери техниканы жаңарту, жаңа технологияларды ендірудің маңыздылығын көрсетіп отырға. Әзірбайжан өзінің қорғаныс өнеркәсіп кешенін дамытуда айтарлықтай жетістіктерге жетті.
"Астана қаласында келесі жылы өткізуге жоспарланған "КАДЕКС-2016" әскери қару-жарақ пен техникалардың халықаралық көрмесіне қатысуға шақыруды жөн көріп отырмын. Алдағы жылы әзірбайжандықтар жағы өздерінің қорғаныс өнеркәсіп кешенінің өнімдерін көрсету мүмкіндігін қарастырып, әскери-техникалық ынтымақтастық жолында бізге жаңа екпін береді деген сенімдемін", - деді иманғали Тасмағамбетов.
Cонымен қатар, екі ел өкілдері әскери білім, жеке құрамды оқыту мен даярлау үдерісін жетілдіру мәселелерін талқылады. ҚР Қорғаныс министрі ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің базасында әскери кадрларды оқыту мәселесін қарауды ұсынды. Бұдан өзге жауынгерлік даярлық үдерісі бойынша тәжірибе алмасу аясында бірлескен оқу-жаттығуларды әрі қарай тұрақты түрде өткізуді негізге ала отырып практикалық жаттығуларды бастау мүмкіндігі қаралды.