14 наурыз 2016 15:40

Иманғали Тасмағамбетов еліміздегі алғашқы патрон зауытының іргетасын қалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов еліміздегі алғашқы патрон зауытының іргетасын қалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов еліміздегі алғашқы патрон зауытының іргетасын қалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, қазақстандық алғашқы патрон зауытының құрылысының басталуына арналған рәсім бүгін Қарағанды қаласындағы "Сарырқа" арнайы экономикалық аймақта өтті. Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген.


© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Құрылыстың жалпы ауданы 26 400 шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2017 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

"Патрон зауыты ұзақ жылдар бойы ел ішінде шикізат пен материалдар тасымалдауға сұранысты тұрақты қамтамасыз етеді. Жез сияқты қорытпаның 300 тоннасын қолдану аймақтағы мамандандырылған кәсіпорынның жұмысын жандандырады. Арнайы экономикалық аймақ тәртібі жағдайында да қазақстандық патрон зауыты салық түрінде өңірдің бюджетіне жылына 680 миллион теңге қаржы түсіреді. Бұл біздің ең қарапайым болжам" - деп атап өтті "Казтехнологии" АҚ басқарма төрағасы Медер Маселов.

Айта кетейік, бұл өндірістің жұмысы Қазақстанның ұзақ мерзімді атыс қару-жарағының оқ-дәрілерін өндіретін елдер қатарына енуіне мүмкіндік бергені белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети