02 маусым 2016 | 12:20

Иманғали Тасмағамбетов KADEX-2016 көрмесіне барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада KADEX-2016 әскери-техникалық мүліктің халықаралық көрмесі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада KADEX-2016 әскери-техникалық мүліктің халықаралық көрмесі ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шараға ҚР қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов келді. Көрме барысында ол әскери-өндірістік экспонаттарды көрді. Министр "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ техникасымен танысты. Ұйымдастырушылар Тасмағамбетовке "Арлан" брондалған машинасын, модернизацияланған Т-72А танктерін, брондалған жөндеу эвакуациялық көліктерді, ЕС145 кешенді пилотаж тренажерін, Қазақстанда жасалған бронежилеттерді және тағы да басқа техникаларды көрсетті.

Биылғы жылы көрме секцияларының саны 7-ге дейін кеңейтілді. Авиациялық техника, ҰҰА және ғарыштық технологиялар, Құрлық әскерлері мен Әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, ӘШҚҚ жүйелері мен құралдары, әскерлерді тылдық және техникалық қамтамасыз ету мүлкі, IT-технологиялар, байланыс жүйелері мен құралдары, әскери саладағы робот техника, әскери салада қолданылуы ықтимал баламалы қуат көздері.

ҚР Қорғаныс министрлігі өткізіп жатқан төртінші халықаралық KADEX-2016 көрмесі биылғы 5 маусымға дейін жалғасады. Соңғы екі күнде 4 және 5 маусымда көрме барлық келушілер үшін есігін айқара ашады. Елорда тұрғындары мен қонақтары көрме павильондарында болып, ақысыз негізде авиациялық және өзге де әскери техниканың жауынгерлік мүмкіндіктерінің көрсетілімдерін тамашалай алады. Көрме қонақтары аталған іс-шараға №10, 12, 100 автобустық бағдарларда жете алады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети