Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанға оралады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанға оралады

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанға оралады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қызметкері Жанар Колбачаева растады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанға оралады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің қызметкері Жанар Колбачаева растады.

Алдын ала мәлімет бойынша, Тасмағамбетов бүгін, 20 желтоқсанда Мәскеуден Нұр-Сұлтанға ұшып келеді.

Еске салайық, мұның алдында Иманғали Тасмағамбетовтің зейнет жасына толуына байланысты Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі қызметінен босатылғаны хабарланған болатын. 

Айта кетейік, 9 желтоқсанда Иманғали Тасмағамбетов 63 жасқа толған еді.

Иманғали Тасмағамбетов ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР премьер-министрінің орынбасары, мәдениет және білім министрі қызметтерінде болды. 1999 жылдан бастап Атырау облысының әкімі болды. 2002 жылдан бастап ҚР премьер -министрі болды. Ал 2004 жылы ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалса, 2004 жылдың желтоқсан айынан бастап 2008 жылдың сәуір айына дейін Алматы қаласының әкімі болды. 2008 жылдың сәуір айынан 2014 жылдың қазан айына дейін Астана қаласының әкімі қызметін атқарды. 2014 жылдың қазан айынан бастап қорғаныс министрі қызметінде болды.  Ал 2016 жылы ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети