InDriver кеңсесін Қазақстанға көшіру туралы ақпаратқа пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

InDriver кеңсесін Қазақстанға көшіру туралы ақпаратқа пікір білдірді Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Желіде inDriver такси агрегаторы кеңсесінің бір бөлігін Қазақстанға көшіретіні туралы ақпарат шықты. Компания баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде inDriver такси агрегаторы кеңсесінің бір бөлігін Қазақстанға көшіретіні туралы ақпарат шықты. Компания баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналист Марат Шәкен Telegram-арнасында inDriver халықаралық жолаушылар тасымалы қызметі Қазақстанда мамандар іздеп жатқанына назар аударған.

Бос орындарға маман іздеуде басты талапта "Нұр-Сұлтан қаласын міндетті түрде білу" және "жылжымайтын мүлік нарығын түсіну" көрсетілген.

"InDriver кеңсесінің бір бөлігін Қазақстанға көшіру (кәсіпкерлік орнын ауыстыру - еск.) мәселесін қарастырып жатыр. Қазіргі уақытта компания түрлі мәселелер бойынша шетелдік әріптестерді толық қолдау үшін Нұр-Сұлтан қаласын міндетті түрде білетін және жылжымайтын мүлік нарығын түсінетін маман іздеп жатыр. Сондай-ақ, компанияда Қазақстан бойынша Country manager/bizdev бос орын бар. Қазақстанда inDriver бос жұмыс орындарының толық тізімін сілтемеден алуға болады", - деп жазды Марат Шәкен.

inDriver баспасөз қызметі қазіргі жағдайда компанияның ресейлік қызметкерлеріне 10 елдегі кез келген бас кеңседен уақытша немесе ұзақ мерзімді немесе толығымен қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі берілгенін түсіндірді.

"Олардың кейбіреуі Қазақстанға келеді, онда компанияның екі кеңсесі - Нұр-Сұлтан мен Алматыда орналасқан. Бүгінде Қазақстан ТМД елдеріндегі inDriver үшін ең үлкен нарық саналады. Сонымен қатар, қызметкерлер өзін жайлы сезінеді. Бұл жерде елдеріміздің ежелден келе жатқан мәдени, іскерлік және әлеуметтік байланыстары бар", - деді компания.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети