Индустрияландыру бағдарламасының тиімділігі танылмай отыр - Мәжіліс

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрияландыру бағдарламасының тиімділігі танылмай отыр - Мәжіліс Мәжіліс депутаты Гүлжан Қарағұсова ©Мансұр Хамит

Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы өзінің алдына қойған міндеттерді шеше алмай келеді. Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында депутат Гүлжан Қарағұсова осылай мәлім етті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. Экономика министрінің баяндамасынан соң сөз алған Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова Үкімет алдындағы жедел шешімін табуы тиіс міндеттерге тоқталған болатын. Оның айтуынша, "Қазақстан-2050" стратегиясы аясындағы барша бағдарламалар нақты әрі тиімді болуы керек. "Өйткені мақсат – қаражат жұмсау емес, әрбір тиынды нақты жағдайды жақсартуға, нақты міндетті шешуге бағыттау. Мәселен, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын алып қарайық. Біздің білуімізше, бұл бағдарламаның түпкі мақсаты – экономиканы әртараптандыруды қамтамасыз ету, импорт ағымын төмендетіп, бюджеттің кіріс бөлігіне түсімдерді арттыру, ішкі нарықты отандық өндірістердің сапалы тауарларымен толтыру. Өкінішке қарай, бұл міндеттердің бір де біреуі орындалмай отыр», - деді Гүлжан Қарағұсова. Бұл ретте депутат бағдарламаға бюджет қаражаттары да аз жұмсалмағанын, сосын инвесторлар қаржысы да молынан тартылғанын, ал бағдарлама аясындағы 5 жылда экономикалық тиімділік соншалықты байқалмағанын алға тартады. "Жаңа кәсіпорындарға енгізілген алдыңғы қатарлы технологияның да осы уақытқа дейін өзін-өзі ақтайтын кезі жетті. Техникалық ревалюция ғасырында кез-келген қондырғының технологиялық циклы ұзаққа шыдамайды, оның "тозуы" шапшаң ғой", - деді ол. Бұдан бөлек, депутат "инновацияны желеу еткен жаңа бағдарламалар қаптап кеткенін, алайда олардың экономикаға, халықтың өмір сапасына әсері мардымсыз екенін" де алға тартады. "Бұл әсіресе, зерттеу сипатындағы бағдарламаларға қатысты, олардың тиімділігін тексеріп байқау да мүмкін емес. Дәл қазіргі уақытта осындай бағдарламалардың қажеттілігі нешік? Мәселен, денсаулық сақтау саласын алып қаралық? Қомақты қаражат бөлініп жатыр, керемет, теңдессіз медициналық орталықтар салынды, бірегей операциялар да жасалуда. Ал қарапайым тұрмыстық деңгейде ұсынылатын медициналық қызмет жыл сайын нашарлап барады", - деді депутат Г. Қарағұсова.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети