Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Тоқаевқа есеп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Тоқаевқа есеп берді Фото: akorda.kz

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарат Тоқаевқа есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарат Тоқаевқа есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің биылғы жартыжылдықтағы жұмыстарының негізгі бағыттары туралы баяндалды.

"Министр Бейбіт Атамқұлов өңдеу өнеркәсібінің дамуы жөнінде егжей-тегжейлі есеп берді. Оның айтуынша, жыл басынан бергі өсім көрсеткіші 5,6 пайызға, соның ішінде, фармацевтика 31 пайызға, машина жасау саласы 22 пайызға, химия 2,8 пайызға және металлургия 0,8 пайызға артқан. Бұдан бөлек жыл соңына дейін қасымша 126-дан аса жоба іске қосылады. Бұл жобаларға 1,1 триллион теңге көлемінде инвестиция салынған", - делінген Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook-парақшасында.

Мемлекет басшысына "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында жыл басынан бері ұзындығы 2,2 мың шақырым автомобиль жолдары пайдалануға берілгені жөнінде баяндалды.

"Транзиттік жүк тасымалы артып келеді, соның ішінде, Қытай – Еуропа – Қытай бағыты бойынша бұл көрсеткіш 59 пайызға өскен. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша бүгінде 6,6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 17 миллион шаршы метрге дейін жеткізу жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.

Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ведомство жұмысының негізгі бағыттары бойынша тапсырма берді. Мемлекет басшысы жергілікті қатынас жолдарын дамыту және қайта жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ, жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысын маңызды міндеттер ретінде атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети