Инфографика: Қай өңірлерде індет өршіп тұр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Инфографика: Қай өңірлерде індет өршіп тұр? Фото: elements.envato.com

Қазақстанда індет өршіп тұрған өңірлер аталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Coronavirus.kz сайтының Tеlegram каналына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда індет өршіп тұрған өңірлер аталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Coronavirus.kz сайтының Tеlegram каналына сілтеме жасап.

Бір аптада Солтүстік Қазақстан облысында ауруды жұқтыру өсімі - 78,38 пайыз. 

Сондай-ақ, коронавирус жұқтырғандар саны Ақмола (56,92), Шығыс Қазақстан (50,76), Павлодар (34,38), Қостанай облыстарында (32,73) айтарлықтай өсіпті.

21 маусым күні Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырудың 1062 дерегі тіркелді. Оның 446-сы симптоммен, 616 науқас симптомсыз.

Індет белгілері анық байқалған науқастардың басым бөлігі Алматыда - 66, Нұр-Сұлтанда - 53, Қарағанды ​​облысында - 61 науқас тіркелген.

Шымкентте де ауру белгілері жоқ науқастардың саны айтарлықтай өскен (91 науқас). 

Осылайша, Қазақстанда коронавирус жұқтығандар саны 17 225-ке жетті. 8845 науқас симптомсыз. 10 671 науқас дертінен айықты. 118 адам аурудан көз жұмды.

Сондай-ақ, Алматыдағы республикалық қан орталығы COVID-19 айыққан адамдарды иммунды плазманың доноры болуға шақырады.

400-600 миллилитр мөлшерінде қан тапсыру орта есеппен 30-40 минутты алады.

Донор болғысы келетіндер мына телефондарға хабарласа алады:

+7 (727) 382-61-43
+7 (727) 246-09-23 (08.00-ден 16.00-ге дейін)
+7 (777) 253-36-56
+7 (707) 928-70-19 (тәулік бойы)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети