21 қаңтар 2018 23:56

Intercontinental қонақүйіне жасалған шабуылдан қазақстандық азамат қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

21 қаңтарда Кабулдағы Intercontinental қонақүйіне содырлар шабуыл жасап, Қазақстанның 1978 жылғы азаматы қаза тапты. Бұл туралы Facebook желісінде ҚР СІМ өкілі Әнуар Жайнақов хабарлады.


21 қаңтарда Кабулдағы Intercontinental қонақүйіне содырлар шабуыл жасап, Қазақстанның 1978 жылғы азаматы қаза тапты. Бұл туралы Facebook желісінде ҚР СІМ өкілі Әнуар Жайнақов хабарлады.

"Ауғанстаннан қайғылы хабар жетті. Қазақстанның 1978 жылғы азаматы Кабулдағы Intercontinental қонақүйіне жасалған шабуылдан қаза тапты. Марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Қазақстандық дипломаттар ауған қауіпсіздік қызметімен және Сыртқы істер министрлігімен байланыста. Таяу күндері мүрдені Отанына қайтару туралы мәселе шешіледі", - деп хабарлады ол.

Еске салайық, 20 қаңтарда кешкі уақытта содырлар Intercontinental Hotel қонақүйіне басып кірген. Tolo News телеарнасына сілтеме жасаған РИА Новости мәліметінше, 18 сағат бойы жалғасқан шабуыл тоқтатылған. Нәтижесінде 126 адам құтқарылған, олардың 41-і шетелдік. 


© Reuters/tolonews.com

Бұл шабуылға "Талибан" радикал қозғалысы жауапкершілік алып отыр, шабуылға осы топтың бес адамы қатысқан. Tolo News телеарнасының мәліметінше, жалпы 43 адам қаза тапқан, алайда ІІМ 18 адамның ғана қазасын растап отыр. Олардың ішінде 14-і шетелдік екен. Қаза тапқан шетелдіктердің ішінде алты украиналық және венесуэлалықтар бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети