“Интергаз Орталық Азия“ филиалының топ-менеджері сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Интергаз Орталық Азия“ филиалының топ-менеджері сотталды Фото:depositphotos.com

"Интергаз Орталық Азия" АҚ Қызылорда магистральдық газ құбырлары басқармасы директорының бірінші орынбасары сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Интергаз Орталық Азия" АҚ Қызылорда магистральдық газ құбырлары басқармасы директорының бірінші орынбасары сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Қызылорда қалалық соты "Интергаз Орталық Азия" Акционерлік қоғамы Қызылорда магистральдық газ құбырлары басқармасы директорының бірінші орынбасары Н. Нұрболатұлына қатысты үкім шығарды.

"Ол "Orda Glass LTD" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сметалық құнын асыра бағалау және "Шыны зауытын резервтік газбен жабдықтау газ құбырын салу" нысаны бойынша орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы 60,1 миллион теңге сомасында мүліктік залал келтіргені үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ол нсанды салу кезінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолы учаскесін механикалық кесу арқылы мемлекеттік мүлікке қасақана зақым келтіргені үшін сотталған.

"Сот үкімі бойынша, Нұрболатұлына 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқаруға 3 жыл мерзімге тыйым салу жазасы тағайындалды".

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети