13 қараша 2014 | 18:57

Интернат директорының 12 жастағы қызға үйленгені туралы ақпаратқа әкімдік мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Осыдан бірер күн бұрын отандық БАҚ-тарда "Алматыдағы жетім балалар мен әлеуметтік ахуалы төмен отбасылардың балаларына арналған "Кәусар" интернатынан шу шықты. Тек қыз балалар ғана тәрбиеленетін мекеменің  басшысы Ералы Байназаров тәрбиелеуіндегі әке-шешесі жоқ 12 жасар қыз баламен некесін қиған көрінеді", -  деген ақпарат жария болып, ел арасында үлен пікірталас тудырған болатын. Алматы қалалық Білім басқармасы осы жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иконка комментария блок соц сети

"Бұл қауесет болып шықты. Еш шындыққа жанаспайды. Біздің дерегіміз бойынша, Байназаров пен әлгі қыздың арасында неке қиылғаны рас. Алайда олар 2011 жылы үйленген. Сонымен қатар, неке қиылған кезде қыз 12 жаста емес, он алтыда болған. Қазір ол – 19-да. Ал Байназаров – 39-да. Сондай-ақ, қыз сөз болып отырған интернатта оқыған жоқ. Колледж студенті еді. Айтпақшы, некені Алматы облысы, Іле ауданының АХАЖ бөлімі қиған", - деп мәлімдеді Алматы қалалық Білім басқармасының өкілдері. 

Тағы бір маңыздысы, аты аталған "Кәусар" қоры Білім басқармасының құзырында емес. Ал дін істері жөніндегі басқарма өздеріңде мұндай мекеменің тіркелмегендігін мәлімдеп отыр.

Сөз арасында айта кетейік, өткен жылдың 20 мамырында жергілікті прокуратура Ералы Байназаровқа, яғни интернат директорына жұмысына салғырт қарағаны үшін 50 мың теңге айыппұл салған. Алайда мекеменің жұмысын тоқтату не жабу туралы мәселе қаралмаған.

Vox Populli таратқан ақпаратқа қарағанда, "Кәусар" жанынан ашылған қыз балаларға арналған интернат 2005 жылдан бастап жұмыс істейді. Мұнда негізінен қыз балалар 6 жастан кейін қабылданып, бой жеткенше тәрбиеленеді. Интернат – діни семинария, яғни қыз балаларды үлкен өмірге дайындайды. Ал қыздар орта мектептерде білім алады. Интернатта олар араб, ағылшын тілдерінен тәлім алып, математиканы, ислам тарихын және басқа да пәндерді оқиды. 

Ескерте кетейік, ҚР "Неке және отбасы" заңына сәйкес, неке 18 жастан бастап қиылады. Алайда белгілі бір себептерге байланысты екі жас кемітуге болады.

Қазір "Кәусарға" қатысты барлық деректерді құзырлы сала тексеріп жатыр. Қосымша ақпараттар болса, ол жөнінен оқырмандырымызды құлағдар етеміз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети