“Интернет-алаяқтар қолданатын жабдық“: Алматы полициясы пәтердегі тінту барысын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Интернет-алаяқтар қолданатын жабдық“: Алматы полициясы пәтердегі тінту барысын көрсетті Polisia.kz

Алматыда "Киберпол" қызметкерлері қалалық прокуратураның үйлестіруімен арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда "Киберпол" қызметкерлері қалалық прокуратураның үйлестіруімен арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Операция барысында тұрғын үй кешендерінің біріндегі жалдамалы пәтерде ұйымдастырылған шағын автоматты телефон станциясы анықталды. 26 жастағы азамат ұсталды.

"Үйді тінту кезінде 32 SIM-карта слоты бар SIM-қорап жабдығы, сондай-ақ ұялы байланыс компанияларының біріне тиесілі 285 SIM картасы табылды. Бұл жабдықты интернет-алаяқтар анонимді болып қала отырып, әртүрлі интернет-қызметтерді және мессенджерлерді белсендіру, аккаунттарды тіркеу үшін пайдаланады, олардың көмегімен алаяқтар басқа елде бола тұра қазақстандықтарға телефон соғады. Күдікті осы жабдықты орнату, қосу және слоттардағы SIM-карталарды ауыстырудан тұратын "жұмысты" интернеттен тапқанын айтты. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында жедел шаралар жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат қамауға алынды", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети