ПОДЕЛИТЬСЯ
04 тамыз 2020 | 14:24
"Интернет жоқ". Қаскелеңдегі мектеп оқушылары мәселені 1 қыркүйекке дейін шешуді сұрады
Қаскелеңдегі кіші сынып оқушылары интернет қосып беруді өтініп, видеоүндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қаскелеңдегі кіші сынып оқушылары интернет қосып беруді өтініп, видеоүндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз сабақ оқығымыз келеді, сондықтан сіздерден интернет қосып беруді сұраймыз", - дейді балалар.
Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстандағы білім беру жүйесі қашықтан оқуға көшкен болатын.
Instagram қолданушылары да балаларды қолдап, интернетке байланысты мәселе барын айтты.
"Шамалған станциясы - дәл сондай мәселе, 6000 теңгеден аса төлейміз, бірақ сапасы 0, интернет жиі қатып қалады, көктемде оқуды әрең бітірдік, балалар барлық сабаққа қатыса алмады, себебі интернет істемейді. Жаңа оқу жылын алаңдаймыз".
"Иә, Қаскелеңнің орталығында тұрсақ та интернет нашар. Интернет те бір мәселе, ноутбук та жоқ, ұялы телефон тек менде бар. Мен жұмысқа кеткенде бала қалай онлайн оқиды, ал қашықтан тек ватсап арқылы кешкі уақытта оқуға болады", - дейді желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от КАСКЕЛЕН И КАРАСАЙСКИЙ РАЙОН (@kaskelenkz) 3 Авг 2020 в 8:59 PDT
Бұған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 1 қыркүйектен бастап, оқу қашықтан жүргізілетінін, шалғай ауылдағы шағын мектептер штаттық режимде жұмыс істейтінін айтты.
Биыл 1 қыркүйектен бастап 157 мыңнан аса оқушы штаттық режимде оқиды. Интернет платформаны және телевизияның көмегімен 2,6 миллион оқушы, кезекші сыныптарда 530 мың оқушы, штаттық режимде 157 мыңнан аса оқушы білім алады деп болжанып отыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также