Интернет жоқ немесе нашар: қазақстандықтар Үкіметке шағым түсіріп жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Интернет жоқ немесе нашар: қазақстандықтар Үкіметке шағым түсіріп жатыр Фото:elements.envato.com

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында жыл басынан бері Министрлер кабинетіне байланыс және ақпараттандыру мәселелері бойынша азаматтардан бес мыңға жуық шағым түскенін айтты. Шағымдардың едәуір бөлігі интернет пен байланыс жылдамдығының төмендігіне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында жыл басынан бері Министрлер кабинетіне байланыс және ақпараттандыру мәселелері бойынша азаматтардан бес мыңға жуық шағым түскенін айтты. Шағымдардың едәуір бөлігі интернет пен байланыс жылдамдығының төмендігіне қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұдан бөлек, елді мекендерде, тіпті ірі қалаларда мобильді интернеттің жоқтығы немесе нашарлығы туралы көптеген шағым бар. Премьер-министрдің айтуынша, Астана мен Алматыда мұндай шағым көп.

"Адамдар байланыс пен интернеттің бар болуына ғана қанағаттанбайды. Біз бұл кезеңнен өттік. Бізге сапалы байланыс пен жоғары жылдамдықты Интернет қажет. Халық тарифтерді толық төлейді, сондықтан олардың талаптары толығымен орынды", - деді Премьер-министр.

Сондай-ақ, Министрлер кабинетінің басшысы кейінгі үш жылда салаға байланыс операторлары тарапынан инвестицияның 60 пайызға дерлік қысқарғанын айтты.

"Операторларға қымбат инфрақұрылымға инвестиция салғанша, анықталған заңбұзушылықтар үшін айыппұл төлеу оңайырақ. Бұл жағдайды түбегейлі өзгерту керек", - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет "Қолжетімді Интернет" ұлттық жобасының көмегімен Интернет сапасын арттыруды жоспарлап отыр, оны жүзеге асыруға таяу бес жылда шамамен 560 миллиард теңге бөлуді көздеп отыр. Жобаның мақсаты – халық пен бизнесті кемінде 100 Мбит/с жоғары жылдамдықтағы Интернетпен қамтамасыз ету. Ұлттық жобаға сәйкес 2027 жылға қарай республикалық маңызы бар қалалардың 75 пайызы және облыс орталықтарының 60 пайызы 5G технологиясымен қамтамасыз етіледі.

Премьер-министр Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне ұлттық жобаны тезірек пысықтап, Президент Әкімшілігіне ұсынуды тапсырды.

"Барлығын ұсақ-түйекке дейін ескеру, халықтың сұранысын ескеру қажет", - деді Смайылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети