Интернет тау бөктеріндегі аймаққа жетті: "Қазақтелеком" зайсандықтарды ғаламдық желіге қосты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Интернет тау бөктеріндегі аймаққа жетті: "Қазақтелеком" зайсандықтарды ғаламдық желіге қосты

Шығыс Қазақстан облысында 500-ден аса тұрғын заманауи жылдамдықтағы интернетпен қамтылды. Ал өткен айда Зайсан қаласы маңындағы 83 жеке сектордағы үйлерге сымсыз интернет жеткізілді. Тұрғындар бұл игілікті "Қазақтелекомның" "радиокөпір" технологиясының арқасында көріп отыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында 500-ден аса тұрғын заманауи жылдамдықтағы интернетпен қамтылды. Ал өткен айда Зайсан қаласы маңындағы 83 жеке сектордағы үйлерге сымсыз интернет жеткізілді. Тұрғындар бұл игілікті "Қазақтелекомның" "радиокөпір" технологиясының арқасында көріп отыр.

Бүгінде 5300-ден аса отбасы тұратын Зайсанда халықтың 60 пайызы "Қазақтелекомның" интернет қызметін пайдаланады. "Қазақтелеком" АҚ Коммуникациялар департаменті өкілдерінің мәліметінше, қалада жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлерге интернет тарту үшін өткен айда радиусы 10 шақырым болатын Wi-Fi радиокөпірін орнатқан.

Сапалы интернетті алғашқылардың бірі болып Төлеген Сәлімхановтың отбасы қостырды. Тұрғын интернетті пайдаланушылар үшін арнайы әзірленген Tolkyn тариф жоспарын таңдаған. Қызметтер пакеті интернет пен "Altel" ұялы байланысының ыңғайлы комбинациясын қамтиды. Төлеген Сәлімхановтың өзі - автомобильдерге техникалық қызмет көрсетудің шағын станция қожайыны.

"Мен жаңа шағын ауданда автокөлік шеберханасын ашуды ұйғардым - гаражды қайта жабдықтап барлық бөлшек пен құралдарға онлайн тапсырыс бердім. Дағдыларды дамыту үшін YouTube-те видеолар қарауға тырысатынмын. Жақсы интернет қажеттілікке айналды, сондықтан бірден қосылуға өтініш бердім, интернет сапалы жұмыс істейді", - деп әсерімен бөлісті Төлеген Сәлімханов.

"Қазақтелеком" АҚ Бөлшек бизнес дивизионның Шығыс өңірінің В2С коммерциялық директоры Мұрат Амантай телеком-оператордың алдағы жоспарларына тоқталды.

"Қазақтелеком" бір жарым айдың ішінде "Қазақ ауылы" тұрғын алабындағы үй шаруашылықтарының үштен бірін "оптикаға" қосты, тағы 150 үйді қосу жоспарда бар. Зайсанда дәстүрлі тәсілмен оптикалық желіні төсеу қиын, қала таулы жерлерде орналасқан. Сондықтан "радиокөпірді" орнату оңтайлы шешім болды, осындай технология бойынша біз бірнеше күн ішінде тұрғындарды интернетке қоса аламыз", - деп атап өтті Мұрат Амантай.

Еске салайық, 2020 жылы компания ауылдық елді мекендерге талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу жөніндегі республикалық жобаны аяқтап, магистральдық желіге елдің барлық аудан орталықтарындағы мемлекеттік қызметтер мен бюджеттік ұйымдарын қосқан еді. Бұл кіру нүктелері 20 Мбит/с дейінгі жылдамдықпен "радио көпірлерін" орнату арқылы жақын маңдағы ауылдарды сымсыз интернетпен қамтудың негізі болды.

Шағын қалаларда оптикалық желілерді дамытумен қатар, телеком-оператор Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдарды да интернетке қосады. Былтыр "Қазақтелеком" шалғайдағы Үлкен Қаратал ауылында радиокөпір орнатты, ауыл тұрғындары алғаш рет дүниежүзілік желіге қол жеткізді. Компанияның мәліметінше, жаздың соңына дейін ШҚО-да Біржан ауылын "оптикаға" қосу жоспарланған.

Tengrinews
Серіктестік материал
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 515.16  course up  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети