Интерпол LRT ісі бойынша күдіктінің орналасқан жерін анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Интерпол LRT ісі бойынша күдіктінің орналасқан жерін анықтады Талғат Ардан, Қанат Сұлтанбеков. Фото: alrt.kz/strategy2050.kz

Интерпол қызметкерлері LRT ісі бойынша күдіктілердің бірінің орналасқан жерін анықтады. Бұл туралы Астана прокуратурасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Интерпол қызметкерлері LRT ісі бойынша күдіктілердің бірінің орналасқан жерін анықтады. Бұл туралы Астана прокуратурасы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

"Интерпол мәліметтеріне сүйенсек, қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың бірі батыс елдерінен анықталған. Экстрадициялау бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деді Астана прокурорының орынбасары Азамат Ермаханов.

Прокуратура өкілі нақты кімнің орналасқан жері анықталғанын нақтыламады.

Бұл мәліметтерді Instagram парақшасында Қуандық Бишімбаевқа қатысты істі жүргізген прокурор Айжан Аймағанова жариялады.

LRT ісі бойынша тергеу бес жыл бұрын аяқталды. Осы уақыт ішінде басты айыпталушылар, яғни "Астана LRT" экс-басшысы Талғат Ардан мен Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков халықаралық іздеуде жүр.

Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен Astana LRT бұрынғы басшысы Талғат Арданды іздестіру бойынша іс қай сатыда екенін айтты.

Айта кетейік, Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков 5,3 жыл іздеуде.

Astana LRT бұрынғы басшысы Талғат Ардан 6 жылдан бері іздеуде.

Еске салайық, 2023 жылы мамырда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында LRT ісі бойынша айыпталушылар Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековке сырттай үкім жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети