01 тамыз 2017 | 13:19

Интим суреттері Желіге тарап кеткен полицей: БҚО ІІД тексерістің қорытындысын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментіндегілер интим суреттері әлеуметтік желілерде тарап кеткен полицейге қатысты жүргізілген қызметтік тексерістің қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментіндегілер интим суреттері әлеуметтік желілерде тарап кеткен полицейге қатысты жүргізілген қызметтік тексерістің қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БҚО ІІД өкілдері WhatsApp мессенджерінде таралған Оралдың ІІБ Абай аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Ермек Каюповтың суреттерін Департамент басшылығы тексергенін хабарлады.

"БҚО ІІД басшылығы қызметтік тексеріс тағайындады. Тексеріс барысында суреттердегі әйел адамның учаскелік инспектордың танысы екені және оның жеңіл жүрісті әйел емес екендігі анықталды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, полиция өкілдері суреттердің полицейдің танысының үйінде түсірілгенін мәлімдеді. Олардың мәліметінше, интим суреттер жарияланған хабарламаларда айтылғандай "Пентагон" аумағында түсірілмеген.

Еске сала кетейік, осыған дейін интим суреттері желіге тарап кеткен полицейге қатысты тексерістің басталғаны хабарланған болатын.

"Полицияның учаскелік инспекторы бейнеленген делінген ақпараттың Интернет желісінде таралуына байланысты мынаны хабарлаймыз, бұл дерек бойынша БҚО ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс бастады, оның қорытындысы кейінірек хабарладады. Сондай-ақ, Ермек Каюповтың шын мәнінде БҚО ІІБ-де полицияның уческелік инспекторы болып жұмыс істейтінін растаймыз", - делінген еді БҚО ІІД хабарламасында.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети