“Интим суреттеріңді желіге таратып жібереміз“: Маңғыстау облысында ер адам қызды бопсалаған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Интим суреттеріңді желіге таратып жібереміз“: Маңғыстау облысында ер адам қызды бопсалаған Фото: Маңыстау облысы ПД

Маңғыстау облысында қызды интим суреттеріңді таратамыз деп бопсалаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында қызды интим суреттеріңді таратамыз деп бопсалаған күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті мәліметінше, аталған дерек бойынша 2000 жылғы жәбірленуші арызбен жүгінген. Оның айтуынша, 1997 жылғы ер адам жәбірленушінің интим сипаттағы суреттерін әлеуметтік желілер және туыстарына таратамыз деп қорқытып, бір миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған.

Суреттер: Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі

Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті 2026 жылғы 17 қаңтарда WhatsApp арқылы жәбірленушіден алдымен 200 мың теңге аударуды, ал қалған 800 мың теңгені 2026 жылғы 20 қаңтарға дейін беруді талап еткен.

"Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 2026 жылғы 17 қаңтарда Жаңаөзенде екі ер адам ұсталды. Тінту барысында күдіктіден көк түсті iPhone 14 Pro Max, ал екінші күдіктіден қара түсті iPhone 11 ұялы телефондары заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді", - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігі "Бопсалау" бойынша қылмыстық іс қозғалып, мәліметтер Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 512.07  course up  595.42  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети