25 қараша 2014 | 10:59

"Инвест Авиа" компаниясына ұшуларға рұқсат беруде заңсыздықтар болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Инвест Авиа" әуе компаниясының  ұшағы. ©Тұрар Қазанғапов "Инвест Авиа" әуе компаниясының ұшағы. ©Тұрар Қазанғапов

Бас көлік прокуратурасы "Инвест Авиа" әуе компаниясына ұшуларға рұқсат беру кезінде заңсыздықтар болғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ведомство өкілдері Туроператорлар қауымдастығының өкілі Денис Кривошеевке хабарлады. 


Иконка комментария блок соц сети

Бас көлік прокуратурасы "Инвест Авиа" әуе компаниясына ұшуларға рұқсат беру кезінде заңсыздықтар болғанын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ведомство өкілдері Туроператорлар қауымдастығының өкілі Денис Кривошеевке хабарлады. 

"Инвест Авиа" әуе компаниясына Харьков әуе желілеріне тиесілі Boeing-767-300 әуе көлігін коммерциялық мақсатқа пайдалануға рұқсат беру кезіндегі Азаматтық авиация комитеті қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы өтініш қаралды. Азаматтық авиация комитеті қызметінде әуе көлігін пайдалану туралы заңнаманың қолданылуы тексерілді, соның нәтижесі бойынша әуе компаниясына рұқсат беру кезінде заңбұзушылықтар болғаны анықталды. Азаматтық авиация комитетінің атына заңсыздықтарды жою жөнінде нұсқау келтірілді және Украинада тіркелген Boeing 767-300 ұшағын пайдалануға берілген рұқсатты қайтарып алу мәселесін шешу ұсынылды", - делінген ҚР Бас көлік прокуратурасының хабарламасында. 

Еске сала кетейік, "Инвест Авиа" әуе компаниясы заңды негізде барлық рұқсат беру құжаттарын алдық деп отыр. Компания өзінің алғашқы рейсін 30 қазан күні күндіз орындауы тиіс болды, бірақ бір тәулікке шегерілді. "Инвест Авиа" жетекшілігі бұған Азаматтық авиация комитеті шенеуніктерін кінәлап, сотқа шағымданғалы отыр.

Әуе компаниясы Boeing-767-300 ұшағын "дымқыл лизинг" бойынша Украинадан алған болатын және Ресейдің Pegas touristik туроператорымен бірге жұмыс істейді. Соған байланысты отандық туроператорлар шу шығарып, барлық рұқсат беру құжатын көрсетуді талап етті. Сонымен бірге, Қазақстан туроператорлар қауымдастығы "Инвест Авианың" қаржылық жағдайы нашар деп есептейді. Әуе компаниясы мұндай мәлімдемелердің жаңсақ пікір екенін айтып, жанжалды "туроператорлардың ішкі қырқысы" деп атады. Жуырда компанияға ұшуға мүлдем тыйым салынғаны туралы ақпарат тарады. Кейін "Инвест Авиа" компаниясы 21 қараша күні шығарылған сот орындаушысының қаулысын көрсетті. Онда тасымалдаушы жұмысшы алдындағы қарызын 2014 жылдың 1 желтоқсанына дейін өтеуге міндеттеме алғаны айтылады. Осы құжаттың негізінде сот орындаушысы ұшуларды іске асыруға салынған тыйымды алып тастауға қаулы етті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети