Инвестициялар және даму министрлігінің комитет басшылары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Инвестициялар және даму министрлігінің комитет басшылары тағайындалды ©ҚР ИДМ

ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің бұйрығымен комитет төрағалары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевтің бұйрығымен комитет төрағалары тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аэроғарыш комитетінің төрағасы болып Талғат Мұсабаев, Автокөлік жолдары комитетінің басшысы болып Мереке Пшембаев, Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы болып Сәкен Сәрсенов тағайындалды. Индустриялық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің төрағасы - Аманияз Ержанов, Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы - Базарбай Нұрабаев, Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы - Біржан Қанешев, Көлік комитетінің төрағасы - Әсет Асаубаев, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы - Бекен Сейдахметов, Инвестициялар жөніндегі комитеттің төрағасы - Ерлан Хайыров.

Әсет Исекешев бүгін комитет төрағаларын министрлік ұжымына таныстырды. ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құзырына елдің индустриялық-инновациялық, ғылыми-техникалық дамуы мәселелері кіреді. Оның ішінде, өнеркәсіп салаларын дамыту мен инвестиция тарту саясатын іске асыру және бұрынғы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің техникалық реттеу қызметі, Көлік және коммуникация министрлігінің қызметі, бұрынғы Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі, Байланыс және ақпарат агенттігінің байланыс, ақпарат және ақпараттандыру қызметі, Ұлттық ғарыш агенттігінің ғарыш саласын дамыту қызметі, тағы басқа. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети