Инвестор Бозжыра шатқалындағы даулы қонақүй құрылысынан бас тартты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бозжыра шатқалы Бозжыра шатқалы

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі инвестор Бозжыра шатқалында қонақүй кешені мен этноауыл салудан бас тартқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ZTB.kz-ке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі инвестор Бозжыра шатқалында қонақүй кешені мен этноауыл салудан бас тартқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ZTB.kz-ке сілтеме жасап.

Мұндай шешім "бұл ерекше қорғалатын табиғи аумақ болғандықтан және Мемлекет басшысы Үкіметке жобаны іске асыру орнын қайта қарау туралы тапсырма бергендіктен" қабылданғаны айтылады.

"Облыс әкімдігінің, ҚР Мәдениет және спорт, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктерінің қоғам өкілдерімен, ардагерлермен, ғалымдармен, экология саласындағы сарапшылармен өткізген бірлескен кеңестерінің нәтижесінде инвестор барлық ескерту мен ұсыныстарды ескеріп, жобаны Бозжыра шатқалынан төрт шақырым қашықта қаумалдан тыс жерде іске асыру туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады облыс әкімдігі өкілдері.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаров ProTenge порталына Бозжыра шатқалындағы 40 миллиард теңгенің қонақүйі мен этноауылының құрылысын тоқтатқанын хабарлады.

"Құрылыс сомасы - 39,8 миллиард теңге - түпкілікті емес. Яғни, ол артуы мүмкін. Бұл оның 38,6 миллиард теңгеден өскеніне қарамастан да артуы мүмкін. Бірақ олар мұны инвестор "жергілікті жер бедерінің нәзіктігін және жобаны жетілдірген соң" зерттегеннен кейін ғана шешеді. Ал әзірше Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Бекбол Орынбасаровтың мәліметінше, қонақүй кешені мен этноауыл құрылысы инвестордың бастамасымен тоқтатылды", - деп жазады портал.

Бозжыра шатқалында қонақүй салу бастамасы 2020 жылы белгілі болған. Бұл жаңалық елде резонанс туғызған еді. Белсенділер сирек кездесетін жануарлар өмір сүретін ерекше табиғи орынға қол тигізбеуді талап еткен.

Оқи отырыңыз:

Бозжыраға талас. Маңғыстаудағы тау неге танымал болды?

"Адам араласуына болмайды". Бозжыра шатқалындағы қонақүй салу мәселесі қалай өрбіді?

Айта кетейік, Бозжыра - Бекет-ата мешітіне барар жолда кездесетін сұлулығы көз тартар, пейзажы қайталанбас ерекше мекен. Бұл мекеннің аумағы шамамен 316 141 гектар болса, ал тауларының биікті 180-200 метрге дейін жетеді. Үстірт арқары, қарақұйрық сияқты жануарлар осы өлкені тұрақты мекендеп, емін-еркін жайылады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro