Инвесторлар Жамбыл облысында ферроқорытпа зауытын салуды жоспарлап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Инвесторлар Жамбыл облысында ферроқорытпа зауытын салуды жоспарлап отыр

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров үндістандық Monnet Group компаниясының өкілдерімен кездесті.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров үндістандық Monnet Group компаниясының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында тараптар облыста салынуы жоспарланған ферроқорытпа зауыты құрылысының жобасын талқылады. Зауыт жоғары сапалы ферросилиций, ферромарганец (FeSi75) өндірісін жолға қоймақ. Ол бойынша 450 тұрақты жұмыс орнын ашу көзделуде. Зауыттың қуаттылығы – 35 мың тонна өнімді құрайды.

– Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан инвестициялық ахуалды үнемі жақсартуға барынша көңіл бөліп келеді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында инвесторларға жан-жақты қолдау көрсетілуде, - деді Нұржан Календеров.

Monnet Group компаниясының директоры Рунгта Маниш жобаның өңірдің экономикалық дамуына септігін тигізетініне сенім білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Жамбыл облысының әкімдігі мен үндістандық компания өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Tengrinews
Материал Жамбыл облысының әкімдігімен ұсынылған
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети