Иллюстрация tengrinews.kz
"Қазақстан экономикасына өткен жылы салынған инвестицияның көлемі 598 млрд. теңгеге артып, жалпы инвестицияның ауқымы 6 триллион теңгеге жетті" деп хабарлайды Tengrinews.kz Сарапшылардың мәліметінше, өсімді негізінен кредиторлар қамтамасыз еткен. Инвестициялардағы заемдық қаражаттардың үлесі 86 пайызға (572 миллиард теңге) артып отыр. Дегенмен, инвестициялардың көлемі кейбір өңірлерде төмендегенін көрсетуде. Мысалы, Алматы мен Астана қалаларында инвестиция деңгейі былтырғы жылмен салыстырғанда деңгейі 20 пайыздан 17 пайызға кеміген. Атырау мен Маңғыстау облыстарында да 26 пайыздан 24 пайызға азайған. Инвестицияның көлемі артқан аймақтардың көш басында еліміздің оңтүстік облыстары түр. Көрсеткіш бойынша инвестициялардың көлемі Жамбыл облысында 66 пайызға (99 млрд. теңгеге), Қызылорда облысында 46,5 пайызға (118 млрд теңгеге), Оңтүстік Қазақстанда 32 пайызға (100 млрд. теңгеге) көбейген. Жалпы, Қазақстан инвесторларға қолайлы мемлекет ретінде әлемнің 183 елінің ішінде 47-ші орында. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға 182 млрд. АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Ал жалпы, жан басына шаққанда инвестициялар тартуда ТМД елдерінің арасында көшбасшы мемлекетпіз.
"Қазақстан экономикасына өткен жылы салынған инвестицияның көлемі 598 млрд. теңгеге артып, жалпы инвестицияның ауқымы 6 триллион теңгеге жетті" деп хабарлайды Tengrinews.kz
Сарапшылардың мәліметінше, өсімді негізінен кредиторлар қамтамасыз еткен. Инвестициялардағы заемдық қаражаттардың үлесі 86 пайызға (572 миллиард теңге) артып отыр. Дегенмен, инвестициялардың көлемі кейбір өңірлерде төмендегенін көрсетуде. Мысалы, Алматы мен Астана қалаларында инвестиция деңгейі былтырғы жылмен салыстырғанда деңгейі 20 пайыздан 17 пайызға кеміген. Атырау мен Маңғыстау облыстарында да 26 пайыздан 24 пайызға азайған.
Инвестицияның көлемі артқан аймақтардың көш басында еліміздің оңтүстік облыстары түр. Көрсеткіш бойынша инвестициялардың көлемі Жамбыл облысында 66 пайызға (99 млрд. теңгеге), Қызылорда облысында 46,5 пайызға (118 млрд теңгеге), Оңтүстік Қазақстанда 32 пайызға (100 млрд. теңгеге) көбейген.
Жалпы, Қазақстан инвесторларға қолайлы мемлекет ретінде әлемнің 183 елінің ішінде 47-ші орында.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанға 182 млрд. АҚШ долларынан астам тікелей шетелдік инвестиция тартылды.
Ал жалпы, жан басына шаққанда инвестициялар тартуда ТМД елдерінің арасында көшбасшы мемлекетпіз.