iPhone қазақстандықтарға жер сілкінісі туралы неге ескертпегені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

iPhone қазақстандықтарға жер сілкінісі туралы неге ескертпегені белгілі болды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қырғызстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Адылбек Қасымалиев Digital Almaty халықаралық цифрлық форумы отырысында Apple смартфоны қолданушылары Қазақстан мен Қырғызстан тұрғындары сезген жер сілкінісі туралы неге хабарлама алмағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Адылбек Қасымалиевтің айтуынша, Apple біздің елдерді апаттар туралы ескертулер қолжетімді тізімге қоспаған.

"Бір қызығы, Android смартфондарына жер сілкінісі туралы хабарлама жер сілкінісінен бір минут бұрын келген. Қайғылы жағдай басқа елдердегідей қайталанбағанына Құдайға шүкір. Хабарландыру iPhone-ға неге келмеді? Біз анықтап көрдік. Apple компаниясы біздің елдерді апат туралы ескерту қызметі қолжетімді елдер тізіміне қоспағаны белгілі болды. Қарапайым функция болып көрінгенімен, адамдардың өмірін сақтап қалуы мүмкін", - деді Қырғызстан премьер-министрінің бірінші орынбасары.

Сонымен қатар, ол Google, Apple және Microsoft сияқты технологиялық компаниялармен диалог қажет екенін атап өтті.

"Технологиялық компаниялар ортақ игіліктер үшін жұмыс істейтін мемлекеттер және үкіметтермен серіктес болуы керек", - деп есептейді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети