Ирак түрмелерінде жатқан қазақстандық балалардың қашан оралатыны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ирак түрмелерінде жатқан қазақстандық балалардың қашан оралатыны анықталды © Тұрар Қазанғапов

Ирак түрмелерінде жатқан қазақстандық балалар екі аптадан соң үйлеріне оралады. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ирак түрмелерінде жатқан қазақстандық балалар екі аптадан соң үйлеріне оралады. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Балаларды үйіне қайтару операциясы әлі жүргізілген жоқ. Қазіргі уақытта Ирак өкілдерімен талқылап жатырмыз, сондай-ақ, балалардың Қазақстанға келгенде орналасатын жерін белгілеп, әлеуметтік жұмыстармен айналысып жатырмыз. Балаларға қайта қалпына келуіне, туыстарымен бұрынғыдай араласуы үшін уақыт керек болады. Олар осы күнге дейін ауыр жағдайда болды. Таяуда осы операцияны жүргіземіз деп ойлап отырмыз. Нақты қай күні өтетінін әзірше белгілемедік. Келіссөздер жүргізу барысында ешқандай қиындықтар жоқ, тек кейбір сәттерді талқылап жатырмыз", - деді Айбек Смадияров.

СІМ өкілі Қазақстанға 2-13 аралығындағы 10-нан аса баланың оралатынын айтады.

"Олардың кейбіреулері жетім - әкесі де, шешесі де жоқ", - деді Смадияров.

Оның айтуынша, келіссөздер екі апта ішінде аяқталады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети