"Иран билігінің әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы - маңызды шешім болды" - Тоқаев

Камила Долаева Журналист
Сурет: Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы маңызды шешім болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы маңызды шешім болғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иран билігінің бірқатар мемлекет азаматтарының өмірін қиған әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы - маңызды шешім болды. Бейбіт азаматтарды да құрбан қылатын шиеленісті бәсеңдету үшін, қалыптасып отырған жағдайда барлық тараптар ұстамдылық танытуы керек", - деп жазған Мемлекет басшысы Twitter-де.

Айта кетейік, 8 қаңтарда Иранда қайғылы оқиға болды: Тегеран әуежайына жақын маңда украиналық ұшақ құлады. Төтенше жағдай салдарынан 167 жолаушы мен экипаждың тоғыз мүшесі қаза тапты. Ұшақ бортында Ауғанстан, Германия, Иран, Канада, Украина, Ұлыбритания және Швеция азаматтары болған. 

Реклама
Реклама

Кейін Иран украиналық ұшақты байқаусызда құлатқанын мойындады. "Адамның қателігі салдарынан ұшақты байқаусызда құлатты", - делінген хабарламада. Мұны IRIB мемлекеттік телерадиокомпаниясы таратты. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама