11 қаңтар 2020 10:29

Иран украиналық ұшақты байқаусызда құлатқанын мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Қызыл ай ұйымынан Сурет Қызыл ай ұйымынан

Иран "Халықаралық Украина әуе жолдары" әуекомпаниясының Boeing жолаушылар ұшағының Тегеран маңында апатқа ұшырауына "адамның қателігі" себеп болған. Бұл туралы Иран Қорғаныс күштері Бас штабының мәлімдемесінде айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иран "Халықаралық Украина әуе жолдары" әуекомпаниясының Boeing жолаушылар ұшағының Тегеран маңында апатқа ұшырауына "адамның қателігі" себеп болған. Бұл туралы Иран Қорғаныс күштері Бас штабының мәлімдемесінде айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Адамның қателігі салдарынан және ұшақты байқаусызда құлатты", - делінген хабарламада. Мұны IRIB мемлекеттік телерадиокомпаниясы таратты. 

Айта кетейік, 8 қаңтарда Иранда қайғылы оқиға болды: Тегеран әуежайына жақын маңда украиналық ұшақ құлады. Төтенше жағдай салдарынан 167 жолаушы мен экипаждың тоғыз мүшесі қаза тапты. Ұшақ бортында Ауғанстан, Германия, Иран, Канада, Украина, Ұлыбритания және Швеция азаматтары болған. 

Осыған дейін, Иран билігі әуеапатына байланысты тергеудің алғашқы нәтижелерін жариялады. Олардың мәліметінше, украиналық ұшақ әуеде өртенген. Ұшақ әуежайға кері қайтқан, алайда экипаж мүшелері диспетчерлерге ештеңе айтпаған. 

Бірқатар батыс елдерінің көшбасшылары ұшақтың апатқа ұшырауы зымыран соққысына байланысты болуы мүмкін екенін айтты. Осыған дейін, бұл мәліметті Иран үкіметі жоққа шығарған еді. Жұмада New York Times газеті Boeing ұшағына зымыранның дөп тию сәті көрестілген видеоны жариялады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети