Иранда құлаған ұшақ жолаушыларының арасында қазақстандықтар болмаған. Бұл туралы Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Иранда құлаған ұшақ жолаушыларының арасында қазақстандықтар болмаған. Бұл туралы Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Алдын ала мәлімет бойынша, құлаған лайнер жолаушыларының арасында Қазақстан азаматтары болмаған", - деп хабарлады Жайнақов.
Еске сала кетейік, бұған дейін Иранда жолаушылар ұшағының құлағаны хабарланған болатын. Әуе кемесі Иранның Исфахан провинциясындағы Семиром қаласының маңында апатқа ұшырады. Ұшақ Тегеран - Ясудж рейсін орындаған. Бортта 66 адам болыпты, барлығы да қаза тапты.
БАҚ мәліметтері бойынша, ұшақ ұшып шыққаннан кейін 50 минут өткенде радардан жоғалып кеткен. Лайнер Дена жотасына соғылған. Екі әуежайдың арасындағы тікелей қашықтық - 556 шақырым. Ұшудың жалпы ұзақтығы - орта есеппен бір жарым сағат.