Иранда құлаған ұшақтың жолаушылары арасында қазақстандықтар бар ма

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иранда құлаған ұшақтың жолаушылары арасында қазақстандықтар бар ма © РИА Новости / Нина Зотина

Иранда құлаған ұшақ жолаушыларының арасында қазақстандықтар болмаған. Бұл туралы Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иранда құлаған ұшақ жолаушыларының арасында қазақстандықтар болмаған. Бұл туралы Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Алдын ала мәлімет бойынша, құлаған лайнер жолаушыларының арасында Қазақстан азаматтары болмаған", - деп хабарлады Жайнақов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Иранда жолаушылар ұшағының құлағаны хабарланған болатын. Әуе кемесі Иранның Исфахан провинциясындағы Семиром қаласының маңында апатқа ұшырады. Ұшақ Тегеран - Ясудж рейсін орындаған. Бортта 66 адам болыпты, барлығы да қаза тапты. 

БАҚ мәліметтері бойынша, ұшақ ұшып шыққаннан кейін 50 минут өткенде радардан жоғалып кеткен. Лайнер Дена жотасына соғылған. Екі әуежайдың арасындағы тікелей қашықтық - 556 шақырым. Ұшудың жалпы ұзақтығы - орта есеппен бір жарым сағат.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети