Ирландия премьер-министрі Тоқаевқа хабарласты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© akorda.kz © akorda.kz

Мемлекет басшысы Ирландия Премьер-Министрі Лео Варадкармен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Ирландия Премьер-Министрі Лео Варадкармен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытудың келешегі талқыланды. Тараптар іскерлік байланыстарды күшейтуге және ауылшаруашылығы, жоғары технологиялар мен инновациялар салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі екендерін білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев және Лео Варадкар халықаралық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелер қозғады, оның ішінде,  БҰҰ және басқа да көпжақты құрылымдар алаңында Қазақстан мен Ирландияның өзара әрекеттесуі жөнінде пікір алмасты. Атап айтқанда, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті тұрақты дамыту мен ілгерілетуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендерін білдірді.

Тараптар коронавирус індетінің таралуына ерекше тоқталды. Қазақстан Президенті және Ирландияның Премьер-Министрі екі елдің пандемияның кері салдарын жеңілдету бойынша кешенді шаралар, оның ішінде, тұрғындардың аз қамтылған топтарын қолдау және дағдарыстан кейінгі кезеңде іскерлік белсенділікті ынталандыру жұмыстарын жоғары бағалады.

Телефон арқылы сөйлесуге Лео Варадкар бастамашы болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course down  583.17  course down  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro