Фото ©Нұрғиса Елеубеков
Астанада пеш иісі тиген төрт жасар сәби қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Сарыарқа ауданы, Жерұйық көшесі, 8-үй мекенжайындағы жеке тұрғын үй ауласындағы уақытша құрылыста пештегі ақаудың салдарынан иіске тұншыққан 2010 жылы туған А.Шайжанова деген сәби қайтыс болды", - делінген хабарламада. 1978, 1965 жылдары туған екі ересек адам ауруханаға түсті. 9 ақпан күні осындай оқиға Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында да тіркелді. Семейде 1978 жылы туған азамат пен 2005 жылы туған бала ауруханаға жатқызылса, Шымкентте 1984 жылғы қыз қайтыс болды. Осыдан бір күн бұрын Алматы облысындағы Самсы елді мекенінде де төрт адам иістен уланып, оның біреуі көз жұмды. Ал 7 ақпан күні Қызылорданың іргесіндегі Қызылжарма елді мекенінде бір қария мен алты бала ауруханаға жатқызылды. Бұған дейін пештің түтін тартпауынан болатын қайғылы оқиғалар Атырау облысында тіркелген еді. 5 ақпанда Жылыой ауданында үш сәби, 3 ақпан күні тағы да үш сәби мен бір ересек адам қайтыс болды.
Астанада пеш иісі тиген төрт жасар сәби қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Сарыарқа ауданы, Жерұйық көшесі, 8-үй мекенжайындағы жеке тұрғын үй ауласындағы уақытша құрылыста пештегі ақаудың салдарынан иіске тұншыққан 2010 жылы туған А.Шайжанова деген сәби қайтыс болды", - делінген хабарламада.
1978, 1965 жылдары туған екі ересек адам ауруханаға түсті. 9 ақпан күні осындай оқиға Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында да тіркелді. Семейде 1978 жылы туған азамат пен 2005 жылы туған бала ауруханаға жатқызылса, Шымкентте 1984 жылғы қыз қайтыс болды.
Осыдан бір күн бұрын Алматы облысындағы Самсы елді мекенінде де төрт адам иістен уланып, оның біреуі көз жұмды. Ал 7 ақпан күні Қызылорданың іргесіндегі Қызылжарма елді мекенінде бір қария мен алты бала ауруханаға жатқызылды.
Бұған дейін пештің түтін тартпауынан болатын қайғылы оқиғалар Атырау облысында тіркелген еді. 5 ақпанда Жылыой ауданында үш сәби, 3 ақпан күні тағы да үш сәби мен бір ересек адам қайтыс болды.