Исекешев ақша жинау мәселесі жайлы: Әр мектепке барамыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Исекешев ақша жинау мәселесі жайлы: Әр мектепке барамыз Әсет Исекешев © pm.kz

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев астаналық тұрғынның мектептердегі ақша жинау мәселесі туралы Facebook желісінде жазған жазбасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев астаналық тұрғынның мектептердегі ақша жинау мәселесі туралы Facebook желісінде жазған жазбасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews тілшісі.

"Әріптестер, ақша жинау мәселесі бойынша комиссия өз жұмысын бастады. Ақша жинау деректерінің барлығы зерттелетін болады, сәйкесінше шаралар да қолданылады. Бұл мәселе түбегейлі шешілетін болады. Комиссия атқарған жұмыстың қорытындысы бойынша мен сіздермен кездесіп, тағы да осы мәселені талқылауға дайынмын. Әр мектепке баратын боламыз!", - деп жазды Исекешев әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, астаналық тұрғынның жазбасына 30-дан аса адам пікір білдірді.

"Біз балабақша немесе мектеп табалдырығын енді басқан балаларымызды неге үйретіп жүрміз? Апайға кәмпит берсең, ол саған жақсы қарайтын болады деп үйреттік па? Біздің мұғалімдерге не болған? Үнемі ақша сұрап тұрады? Бұл әрекеттерін қалай ақтап алуға болады? Осы деректердің барлығын мектеп директорлары мен Білім басқармасы әкімшілігіндегілерге жаба салу керек па?", - деп жазған болатын Астана қаласының тұрғыны Facebook желісінде.

Айта кетейік, осыған дейін Астанада мектептерде ақша жинау жағдайларымен күрес жөніндегі арнайы комиссия құрылғаны хабарланған болатын. Әкімдіктің ресми сайтындағы "Әкімге өтініш" сервисі арқылы әкімнің атына келіп түскен әрбір сауал мен өтініш бойынша тексеру жүргізіліп, актілер жасалады, білім беру ұйымының басшылығына тәртіптік сипаттағы шаралар қолданылады. Аталған жұмыстар Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің ерекше бақылауына алынды

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети