Исекешев бизнес-класс санатындағы таксиге ауысады

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Исекешев бизнес-класс санатындағы таксиге ауысады ©Турар Казангапов

Астана әкімі Әсет Исекешев бизнес-класс санатындағы таксиге ауысады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Қала регенерациясы басқармасының басшысы Ғали Исқалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімі Әсет Исекешев бизнес-класс санатындағы таксиге ауысады. Бұл туралы қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Қала регенерациясы басқармасының басшысы Ғали Исқалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, әкімдік ай сайын такси компанияларына қызмет көрсеткені үшін ақша төлейді.

"Қалада әдеттегі тарифтер болады. Бос тұрған көліктер ведомствоаралық ұйымдарға - полиция, мектеп, ауруханаларға таратылады. Бұл әкімдіктің барлық әкімшілігіне, әкім аппаратына және басшылыққа да қатысты. (...) Мұның алдында көліктер болғанда біз оларға қанша қаражат жұмсайтынымызды білетінбіз, ол кезде кеңседегі көліктердің санына байланысты 800 мыңнан 1,5 миллионға дейін ақша кететін", - дейді Ғали Исқалиев.

Ол әкімдіктің әрбір басқармасында такси қолдануға шектеу қойылғанын атап өтті. Ол орташа есеппен 300-400 мың теңге көлемінде екен.

"Қала әкімінде де такси болады, бірақ ол жалдамалы, ай сайын төленіп тұрады. Орынбасарларда да осылай. Оларда бизнес-класс санатындағы автокөліктері болады, ал барлық бөлім қызметкері эконом-класқа ауысады. Конкурс өтіп кетті, бүгін Astana Taxi-мен бес жылға келісімшартқа отырамыз", - деді Қала регенерациясы басқармасының басшысы.

Бюджеттік шығынды үнемдеу 20 пайыздан кем болмайды деп жоспарлап отырмыз, бірақ іс жүзінде ол әлдеқайда көп, яғни шенеуніктер жеке көліктен бас тартады. Болашақта, менің ойымша, 40 пайызға дейін үнемдеу болады , - деді Ғали Исқалиев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети