Исекешев көпбалалы аналарды марапаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Исекешев көпбалалы аналарды марапаттады © astana.gov.kz

Астана әкімі 12 көпбалалы ананы марапаттап гүл шоқтарын табыстады, - деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің сайты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімі 12 көпбалалы ананы марапаттап гүл шоқтарын табыстады, - деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің сайты.

Бүгін Астана қаласы әкімдігінде Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік шараға 200 ден астам қыз-келіншек қатысты. Әсет Исекешев қыздарды көктем мерекесімен құттықтап, еңбекте табыс тіледі. Мерекелік шараға келген қыз-келіншектерге қызғалдақ гүлін сыйлады.

"Сіздердің мерекелеріңіз көктемгі шуақпен, адамзатқа жылылық әкелуде. Біздің ұлт қашанда ананы ардақтап, құрметтеген. Ана отбасының жылуы, ұйытқысы. Сіздер аналық парызбен қатар біздің қоғамның дамуына да елеулі үлес қосудасыздар. Қымбатты аналар, қыздар, сіздердің кішіпейілділік, даналық, түсіністік пен қолдауларыңызға рахмет", ­­- деді әкім.

Сондай-ақ, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елімізде Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауының арқасында гендерлік саясатқа, ана мен баланы қорғауға басым көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. Кездесу соңында 10 көпбалалы ана - "Күміс Алқа", екі ана - "Алтын Алқамен" марапатталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети