Исекешев шенеуніктерді 1 қаңтарда таңғы уақытта жинап, жедел кеңес өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Исекешев шенеуніктерді 1 қаңтарда таңғы уақытта жинап, жедел кеңес өткізді © Тұрар Қазанғапов

Астана әкімі Әсет Исекешев жедел кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаев Facebook желісінде жазды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімі Әсет Исекешев жедел кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Эльвира Жүргенбаев Facebook желісінде жазды.

Оның айтуынша, кеңеске қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, ІІД, ТЖД, қалалық коммуналдық қызметтер қатысты.

Кеңесте өткен тәулікте қаламыздың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі атқарылған жұмыстар, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің үздіксіз жұмыс істеуі, криминогендік жағдай бойынша қабылданған шаралар, қалада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоғамдық көліктердің тұрақты жұмысы және өткен барлық іс-шаралар бойынша есептер тыңдалды.

Тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларының айтуынша, өткен тәулікте елордада жағдай тұрақты болған.

Сондай-ақ, қала әкімі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жолдар тазалығын сақтау және барлық қалалық коммуналдық қызметтерге бірқатар міндеттер қойды.

Еске салайық, өткен тәулікте елордада қала тіршілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шамамен 32 мың адам жұмылдырылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети